Ағымдағы шығарылым

Том 9 № 3 (2024): ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨНЕРІНІҢ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
					##issue.viewIssueIdentification##
Жарияланған: 2024-11-19

Тұтас шығарылым

Өнер философиясы

Өнертану

Гуманитарлық білім берудегі педагогика

Пікірлер мен рецензиялар

Барлық шығарылымдарды көрсету

Құрылтайшы:

«Т. Қ. Жүргенов Қазақ ұлттық өнер академиясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі.

2016 жылдың қаңтарынан бастап шығады.

Басылымның шығу жиілігі — тоқсан сайын (жылына 4 нөмір)

ISSN (баспа) — 2520-2162

ISSN (онлайн) — 2414-4177

 

Central Asian Journal of Art Studies (CAJAS)өнертану (театр, музыка, хореография, кино, бейнелеу және қолданбалы өнер, сәулет және т. б.), гуманитарлық білім берудегі педагогика және өнер мен ғылым философиясы бағыттары бойынша авторлық зерттеулердің нәтижелерін жариялайтын халықаралық ғылыми рецензияланатын журнал.

Жарияланымдарды іріктеудегі басым факторлар: жаңа деректану және әдеби дереккөздерге үндеу, академизм және ғылыми объективтілік, тарихнамалық толықтық пен пікірталас, күрделі гуманитарлық мәселелердің заманауи өлшемі, мәдени артефактілер мен көркем нысандардың жаңа түпнұсқа түсіндірмелері.

2023 жылы CAJAS келесі салалардағы мәселелерді қарауға және зерттеуге бағытталған тақырыптарды жоспарлайды:
№ 1. Орталық Азия өнері: қазіргі заман тұрғысындағы өнердегі тіл мен мәтін (наурыз, қолжазбаларды 2023 жылдың 20 қаңтарына дейін тапсыру);
№ 2. Орталық Азия аймағының шығармашылық кеңістігі (маусым, қолжазбаларды 2023 жылдың 20 сәуіріне дейін тапсыру);
№ 3. Орталық Азия өнерінің пәнаралық зерттеулері (қыркүйек, қолжазбаларды 2023 жылдың 20 шілдесіне дейін тапсыру);
№ 4. Қазіргі заманның көркем бейнесіндегі адам (Орталық Азия өнері) (желтоқсан, қолжазбаларды 2023 жылдың 20 қазанына дейін тапсыру)
Жариялануға ғалымдар, мұрағатшылар, зерттеушілер мен талдаушылар, өнер мен мәдениет саласындағы теоретиктер мен практиктер шақырылады.

CAJAS-та ғылыми мақалалардан басқа, шолулар, тарихнамалық шолулар, деректану материалдары, гуманитарлық ғылым тақырыптарындағы пікірталастар ұсынылуы мүмкін және ғылыми диалогтар құпталады.

Басылымның мақсаты ғылыми идеялармен алмасу үшін алаң ұсыну, сондай-ақ өнертану саласындағы бірлескен халықаралық ғылыми жобаларды дамыту болып табылады.

CAJAS 2020 жылдың қыркүйегінде ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (БжҒСБК) ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілді («Өнертану» бөлімі). Сонымен қатар, CAJAS EBSCO, Киберленинка, ҚДБ (Қазақстандық дәйексөз базасы), ҰМҒТСО индекстеледі. 

Редакцияға ұсынылған мақалаларды қарастыру мерзімі 2–4 ай

Нөмірлердің шығу кестесі:

№ 1 — Наурыз

№ 2 — Маусым

№ 3 — Қыркүйек

№ 4 — Желтоқсан